$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавируспен күреске бөлінген ақшаның ұрлануына қатысты тергеу басталды» - Ақорда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Медициналық сақтандыру қорының» лауазымды тұлғаларын тергеуге алып жатыр.
фото: kursiv.kz
фото: kursiv.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі медицина саласында бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша үш қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларының бюджет қаржысын жымқыру, жекелеген тұлғалардың ірі көлемде медициналық бетперделерді сату, сондай-ақ, медицина мекемелерінің жекелеген басшыларының аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыруға тырысу деректері бойынша үш қылмыстық істі тексеріп жатыр», - деп хабарлады Ақорда сайты.

Сонымен қатар, ресми мәлімдемеде қаржы министрлігінің экономикалық тексеру қызметі коронавируспен күреске бөлінген аса ірі көлемдегі мемлекеттік қаржыны алаяқтық жолмен жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тексеріліп жатқаны айтылған.

Қауіпсіздік кеңесінің аппараты мен президент әкімшілігінің ұсынысы бойынша құқық қорғау органдары коронавирус індетімен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмектің мақсатты және ашық жұмсалуына тексеру жүргізуді бастады.

Дәрі-дәрмектерді жасыру жолын кесу, баға келісімі, гуманитарлық көмек ретінде келген немесе емдеу мекемелерінен ұрланған дәрі-дәрмектерді қайта сату сияқты әрекеттердің алдын алу шаралары жалғасуда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары