Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова мен жергілікті тұрғындардың бірінің арасындағы дау әлі де қызу талқылануда. Әлемжелі қолданушыларының біразы әкімнің алқымымынан алған тұрғынның ісін «батырлыққа» балап жатса, керісінше «көргенсіздік» дейтіндер де табылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы да бұл оқиғаға қатысты өзінің ойын білдірген. Оның айтуынша, әкімге сұрақ қою, құқығыңды қорғау ешқандай да қылмыс емес.
«Әкімге сұрақ қою, құқығыңды қорғау сіздер үшін көргенсіздік шығар. Ал біз үшін өтірік көргенді, мәдениетті болып көлгірсу, халықты басынған әкім-қаралардың сөзін сөйлеу көргенсіздік. 30 жыл көргенді, мәдениетті, сауатты, білімділер, не бітірдіңіздер?
«Ханның қызысыз ба? Неге жолды жаптырасыз?» дегеннен не көргенсіздік көріп қойдыңыздар? Көздеріңіз өткір екен.
Ал Қызылорданың 40° ыстығында, сағаттап күтетін автобусың барар жеріңе жеткізбей, «әкім келген, жол жабық» деп жарты жолдан тастап кетсе, үйіңде бес балаңды қамап кетсең, кенжесі емшектегі 3 айлық шақалақ болса, көрер едік мәдениетті, көргенді болғандарыңызды. «Ашынғаннан шығады ащы дауысым», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қазақ енді ашынған ананы көргенсіз деп қалыпты. Аман болыңдар, көргенділер!
Бір нәрсе анық, 30 жыл бойы іріп-шіріген, сасып борсыған мына елді «көргенді мәдениеттілер» емес, өз құқығын қорғауға ұмтылатын «көргенсіздер» өзгертеді. Сол кезде де біз сияқты сауатсыз, қараңғы, «көргенсіздер» емес, сіздер сияқты «көргенді, білімді, сауатты, мәдениеттілер» тағы да биліктің бір-бір жайлы орнына жайғасатыны анық. «Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден» екенін, мүмкін, сол кезде түсінетін шығарсыздар», - депті бұл жолы.
Оқи отырыңыз: «Ханның қызысыз ба?»: тұрғындардың бірі Қызылорда облысының әкімін орнына қойды.
Осылай деп атап өткен Сәуле ханым ары қарай Ахмет Өмірзақ есімді адамға өзінің ренішін білдірген.
«Ахмет Өмірзақ, сөзіңізді «артым тыңдасын» деп менсінбей жүре сөйлесе, бес баламен отырған үй шаруасындағы әйел ғана емес кеудесінде жаны бар есі дұрыс адамның бәрі солай ашуланады. Сіздер 18 млн халықтың бәрі нәннің бір қаптан, бір саптан шыққан роботтарындай эмоциясыз тірі өлік болсын деп, бір қалыпқа салғыларыңыз келеді. Шікірейіп костюм-шалбар киіп, сықиып галстук тағып, іші қайнап тұрса да, өтірік маска киіп мәдениетті болып жүргендер миллион ғой, соларға қарап сүйсініп жүре беріңіздер. Ал біз - ойы бар, сөзі бар, тілі бар тірі адамдарды құрметтеп қала берейік. Талғамға талас жоқ.
- Сұрақ қойсын, бірақ анадай дәрежеде айқайлап, жеке басқа тиісетін сөздер айту соншалық дұрыс емес шығар. Мәселе тіпті де онда емес, сондай әрекеттерді қолпаштаушылардың көптігінде. Ертең сол әйелге бірдеңе болса, сол қолпаштаушылардың нешеуі барады құнын сұрап? Жұрт бүгінде айтақтап отыруға ғана шебер...
- Ахмет Өмірзақ , иә, айтақшылмыз ғой, қолымыздан басқа ештеңе келмейді екен. Сіздердің қолдарыңыздан көп іс келеді ғой, көргенді, мәдениеттісіздер, ендеше іс қылам десеңіз кім қой деп жатыр? Пажалыста, алға. Қолдауға да, «айтақтауға» да дайынбыз.
Коммент жазуды шектеп тастадыңыз ба? Ал мен сіз сияқты «көргенді, маска киген мәдениеттілерді» достықтан шығара саламын ғой.
«Көргенсіздерім» аман болсын!» – деп жазады фейсбук парақшасында.