$ 494.87  520.65  4.91

Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

Бірнеше мың адамды амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектің жалпы құны 26 миллион 450 мың теңге.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Атырау облысына Иманғали Тасмағамбетовтың мұрындық болуымен «Сәби» қайырымдылық қоры Ресейдің Астрахань қаласынан жедел 59 мың дәрілік препарат жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Абай.кз сайтының жазуынша, бірнеше мың адамды амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектің жалпы құны 26 миллион 450 мың теңге.

Аталған медициналық көмекті таратуға Атырау қаласындағы Иманғали мешітінің имамы, Жылыой ауданының және Махамбет ауданының имамы бастаған ерікті жандар арнайы тізім жасап, жеткізу жұмыстарын бастап кетті. Оған қоса, осы мешіттердің ұйытқы болуымен 50 сиыр сойылып, 1400 мұқтаж жанға азық-түлік ретінде таратылған.

Атырау облысы коронавирус жұқтырғандар саны осы айда күрт өскен. Осындай сәтте соңғы қызметі Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшіліктен зейнетке шыққан Иманғали Нұрғалиұлы да елдің бір шетінен шығысып, көмек қолын созып отыр.

Оған қоса 3 жасанды тыныс алдыру (ИВЛ) аппараты бүгін жеткізілмек. Тағы да аппараттар әкелу жөнінде келіссөздер жасалған. Өңірдегі қажетті ауруханаларға беріледі.

Сондай-ақ, Иманғали Нұрғалиұлы өзге де өңірлерге Ресейден медициналық және гуманитарлық көмектерді жеткізуге көмек қолын созып жатқан көрінеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары