$ 443.85  474.3  4.8

Құдайбергеновтің президент кеңесшісі қызметінен не үшін босатылғаны белгілі болды

Олжас Құдайбергенов кеңесшілігіне қарамастан елдегі жағдайларға қатысты ойын ірікпей айта беретін.
фото: facebook.com/o.khudaibergenov
фото: facebook.com/o.khudaibergenov

Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен не үшін босатылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, кеңесшілік қызметі үшін ешқандай келісімшарт жасалмаған әрі соған сәйкес еңбекақы де төленбеген. 

«Өткен жылдың желтоқсан айында Президентпен кездесу барысында маған шататтан тыс кеңесші болу туралы ұсыныс түскен еді. Бірақ сол жерде бұл қызметтің уақытша екенін, ары кетсе жарты жылға созылатынын, сосын ротация жасалуы мүмкін екенін түсіндірді. Бұл қызметке ақы төленбейтін, ешқандай келісімшарт, кабинет болмады. Бүгін таңертең президент атынан хабарласып, менің жұмысым үшін алғыс білдіріп, бүгіннен бастап ротация жасалатынын айтты. Соған сәйкес, мен енді мен президенттің штаттан тыс кеңесшісі емеспін», - деп жазған Құдайбергенов өзінің Facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз: Президент Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін ол өзінің пікірлері мен көзқарастарын кеңесші ретінде емес өзінің жеке көзқарасы тұрғысынан айтып келгенін жеткізген. 

«Мен көптеген пікірімді президенттің кеңесшісі емес, өзімнің жеке атымнан жариялауға тырысатынмын. Өйткені, бұл қызмет менің кейбір пікірімді саясиландырып жіберетін. Енді менің жазбаларым ондай саяси реңкке ие болмайды деп үміттенемін.  Президенттің штаттан тыс кеңесшісі ретінде халық үшін қолымнан келгенін жасауға тырыстым. Ары қарай да елге пайдам тиеді деп сенемін», - деп атап өткен.

Жеке көзқарас демекші, Олжас Құдайбергенов кеңесшілігіне қарамастан елдегі жағдайларға қатысты ойын ірікпей айта беретін.  Мәселен, осыдан бірнеше күн бұрын Facebook парақшасы арқылы «Қазақстанда шамамен 2 миллион адам коронавируспен ауырған болуы мүмкін!» мәлімет таратқан болатын. 

«Қазір ресми дерек бойынша, 67 мың адамнан коронавирус анықталды, жыл басынан 15 шілдеге дейін 234 мың адам пневмониямен ауырды, пневмония бойынша таза өсім 163 мың. Сонда 67+163= 230 мың. Яғни коронавируспен  ауырғандар саны кемінде 230 мың. Егер өсімді есепке алмасақ, онда коронавируспен ауырғандар 301 мың адам болмақ. Бірақ үйде ауырғандар бар. Ауруханаға тек симптомы бар науқастар қаралып, 85 пайыз симптомсыз ауырғанын ескерсек, 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған немесе ауырып жатыр. Ресми дерек бойынша, коронавирустан 464 адам қайтыс болды, 15 шілдеге дейін 3327 адам пневмониядан көз жұмды, бұл былтырғы жылме салыстырғанда 1,75 есе көп, былтыр осы кезеңде 1896 адам қайтыс болды. Сода коронавирустан кемінде 1895 адам, ең көп дегенде 3791 адам қайтыс болды. Бұл статистикаға коронавирустан емделіп, бірақ басқа себептен қайтыс болғандарды (инсульт, инфаркт, т.б.) да қосу керек», – деп жазған болатын өзінің Facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары