$ 494.87  520.65  4.91

Президент Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты

Оның жазуынша, президент кеңесшісіне алғыс білдірген.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновты қызметінен босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жаңалық жайлы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook парақшасы арқылы арнайы хабарлады. Оның жазуынша, президент кеңесшісіне алғыс білдірген.

"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты", - деп жазды Берік Уәли.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары