$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан елшілігі Грузияның CІМ-не нота жолдады

Қазақстандықты полиция, 80-ге жуық құтқарушы, криминалды полиция қызметкерлері мен ондаған жергілікті тұрғын іздеп жатыр. Тікұшақ пен дрон қолданылуда.

Қазақстанның Грузиядағы елшілігі Грузияның Cыртқы істер министрлігіне 13 жастағы қазақстандықтың жоғалуына байланысты нота жолдады, деп хабарлайды Sputnik.

Жасөспірім велосипед тебуге шығып, әлі күнге дейін оралмаған. Оның жоғалғаны туралы төтенше жағдайларды басқару қызметіне 19 шілде күні хабар түсті. Соңғы рет Ильяны Ленджери ауылында көрген.

«Біз Грузияның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдадық. Кейін ол елдің Ішкі істер министрлігіне жіберіледі», - деп хабарлады Sputnik Грузияға елшіліктегілер.

Қазақстандықты полиция, 80-ге жуық құтқарушы, криминалды полиция қызметкерлері мен ондаған жергілікті тұрғын іздеп жатыр. Тікұшақ пен дрон қолданылуда.

Жергілікті телеарнаның ақпаратына сәйкес, Ильяны Қара теңіз жағалауындағы Уреки және Анаклия ауылдарында іздестіріп жатыр. Өйткені, әкесі бала осы ауылдарды білетінін айтқан.

Илья Пилпани – Қазақстан азаматы. Қысқы демалыста Алматыдан әкесінің туыстарына қонаққа барған. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанға орала алмай, Грузияда қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары