$ 444.22  476.38  4.82

Тамыздан бастап интернет қымбаттайтын болды

Бұрыннан келе жатқан тарифтік жоспарлардың да шарттары өзгереді.
фото: k1news.ru
фото: k1news.ru

Тамыз айының бірінен бастап бастап еліміздегі кейбір байланыс операторлары «Үйдегі Интернет» және кабельді телеарна тарифтерін қымбаттататын хабарлады. Соған сәйкес, бұрыннан келе жатқан тарифтік жоспарлардың да шарттары өзгереді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда операторлар байланыс құнын нақта қанша пайызға көтергелі отырғандарын айта қойған жоқ.

«Хабар-24» арнасының мәліметінше, байланыс тарифтерінің өсуі Ресейде де байқалып жатыр. Үйдегі интернет ақысының жылдық өсімі 15 процентке дейін жеткен.
«Сарапшылардың айтуынша, каранитн кезінде тұрғындар көп уақытын интернетте отырумен өткізді. Жүктемесі ауыр контенттерді қолдана бастады. Сондықтан байланыс операторлар тиімсіз ескі тарифтердің құнын өсіру арқылы тұтынушыларды жаңа тарифтерге ауысуға итермелейді», - деп хабарлаған аталмыш дерек көзі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары