$ 494.87  520.65  4.91

«Зейнетақы қорынан ұрланған 95 млрд теңгенің есебін сұрайтын уақыт келді» - қоғам белсендісі

Бұл барып тұрған ҒАСЫР ҚЫЛМЫСЫ. Мұның соңы немен аяқталғанын Прокуратура органдары әлі күнге дейін жарияламай келеді.
фото: basnews.kz, facebook,
фото: basnews.kz, facebook,

Ардагер дәрігер әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруді сұрап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қоғам белсендісінің айтынша, ол жерде де күдікті операциялар жүріп жатыр.

«Еліміздегі жинақтаушы қорлардағы қаражатқа да тағы бір рет назар аударғанымыз дұрыс болады. Естеріңізде болса, соңғы жылдары еліміздің «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» басы әлденеше мәрте басы дауға да қалды.

Әлі есімізде (қай жылы екенін ұмытыппын), БЖЗҚ жеке жинақтаушы қорлардан құны 95 млрд теңгелік құнды қағаздарды мұраға алғаны. Сөйтсек, бұл құнды қағаздар банкроттық жағдайда тұрған компаниялардың активтері болып шыққаны.

Осылайша, барша халықтың маңдай терімен тапқан еңбекақысының 10 пайыздық бөлігі «көтерем компаниялардың» құнсызданған үлестерін сатып алуға кеткен. Біздің қамсыз қарттығымыз үшін жинап келген зейнетақы жарнамызды жинақтаушы қорлары жымысқы жолмен жаратып, әлдебір күдікті компанияны құтқаруға оп-оңай бере салып отырған», - деп жазған ол үндеу-хатында.

Нұрлыбай Қошаманұлының ойынша, бұл үлкен қылмыс. 

«Бұл барып тұрған ҒАСЫР ҚЫЛМЫСЫ. Мұны тексеріп, соңы не болғанын Прокуратура органдары әлі күнге дейін жарияламай келеді. Қазіргі кезде де БЖЗҚ зейнет жинағымыздың тағдырының қандай екені де белгісіз. Бұл идеяны жүзеге асыруға ынталы болғандар кімдер? Ол да белгісіз. Әйтуір халықтан бәрі құпия.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылуының астарында бақылаусыз кеткен жеке қорларды тәубесіне түсіру тұрғанымен, бұл әу бастан келісіп, әлеуметті алдауға бағытталған «ғасыр аферасы» да болуы ықтимал. Жеке жинақтаушы қорлардағы жарналар орталықтандырылған кезде олардың активтерін «Ұлттық банк» бағалады.

Президент мырза! Сонда алданған кім деген сұрақ туады: БЖЗҚ ма, Ұлттық банк пе? Мүмкін миллиондаған салымшылар біз бен сіз шығарсыз? Ең басты сұрақ: құны көк тиындық бағалы қағаздарға кеткен халықтың ақшасын қай тараптың кері қайтаратыны мүлдем жабық тақырып болып қала бере ме?

Мұны сіз көтермегенде кім көтереді, Президент Тоқаев мырза! БЖЗҚ айналасындағы былықпайды әшкерелеп, басшысын жауапқа тартатын уақыт келді. Жауабыңызды күтеміз!»,- деп аса маңызды мәселенің ұшын шығарған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары