Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесовті қызметінен босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.