$ 447.4  477.55  4.76

Павлодар облысында жер телімдерін заңсыз рәсімдеген шенеуніктер тәртіптік жазамен құтылды

Басқарманың бас маманы жер комиссиясының жеке құрамы 35 адамды құрайтынын атап өтті.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне Прииртышск ауылдық округінің тұрғындары шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның алдын алу және адалдық басқармасының бас маманы Мирас Сансызбайдың айтуынша, Железин ауданы жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілген.

«Оған «Үрлітүб» ӘКК мүшесі Валерий Площиктің аудан әкімдігі мен бөлім мамандарының жайылымдық жерлерді беру мәселелерінде Үрлітүб ауылы тұрғындары құқықтарының шектелуіне байланысты әрекеттеріне шағымдануы негіз болды», - деп түсіндірді Мирас Сансызбай.

Оның ішінде ауданның жер комиссиясының мүшесін бейресми ауыстыру тәжірибесі де заңнаманы бұзуға әкеп соқтырған.

«Мұндай сыбайлас жемқорлық тәуекелі өз дауысын жеке мақсатта немесе өзге үлестес тұлғалардың мүдделеріне пайдалануға мүмкіндік береді, - деген сенімде Мирас Сансызбай. – 2019 жылғы 12 қыркүйектегі Жер комиссиясы отырысының №14-4 хаттамалық шешіміне Прииртышск ауылдық округінің әкімі Қайыргелді Баужановтың орнына әкімнің міндетін атқарушы Наталья Шефер қол қойып, жер учаскесін беруге келісім берген».

Басқарманың бас маманы жер комиссиясының жеке құрамы 35 адамды құрайтынын атап өтті. Олардың жартысы – белгілі бір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жер учаскелерін алуға мүдделі жұртшылық өкілдері.

Биылғы 4 ақпанда Прииртышск ауылдық округінің әкімі №7 өкіммен аудан ЖШС-нің біріне шөп шабу үшін жалпы ауданы 197,2 га бөлінетін жер учаскесіне 4 жыл 11 ай мерзімге уақытша өтеусіз қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын берген. Осылайша, аудандық жер қатынастары бөлімі мен ЖШС арасындағы шарт Үрлітүб тұрғындарын жайылымнан айырады.

Мирас Сансызбай жер заңнамасын бұзудың тағы бір фактісі туралы айтып берді.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсірумен айналысатын ауданның басқа ЖШС 10 жыл мерзімге 180,3 га және 197,2 га екі жер учаскесіне уақытша өтеумен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жер учаскелері елді мекендердің аумағы санатынан ұсынылғанын анықтаған.

«Железин ауданының әкімдігіне Үрлітүб ауылы тұрғындарының құқығын қалпына келтіру және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту ұсынылды, - деп толықтырды Мирас Сансызбай. – Аудан әкімінің өкімімен жер комиссиясының қызметіне тиісті бақылау жасамағаны үшін аудан әкімінің орынбасары Баулыбай Аужанов ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал жер қатынастары бөлімінің басшысы Наталья Тупицинаға сөгіс жарияланды».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары