Саясат 11.08.2020 сағат 12:00

«Көресіні заказ орындағыш журналистерден көрдім»  - Айгүл Орынбек

Халыққа емес, тендер үшін әкімге жұмыс істейтін журналистер тұрғанда билікте өзгеріс болуы өте қиын.
«Көресіні заказ орындағыш журналистерден көрдім»  - Айгүл Орынбек
фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі заңгер, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің белсенді мүшесі Айгүл Орынбек елдегі келеңсіздіктерге налып, тағы бір жазба жариялаған. Онда өрмекшінің торындай шырмалған жемқорлық дерті мен жағымпаздықты біраз сынға алған. Сонымен қатар, заңгер өз жазбасында журналистер қауымына да өз реніші бар екенін білдіре кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түбегейлі өзгерісті жасау өз қолымызда!

Кімдерге өзгеріс керек емес, жемқор шенеуніктерге оның ішінде әкімдерге!
Себебі бұл жемқорлық жайлаған жүйені, өрмекшінің торындай өздері тоқыды. Ал халық оған мүмкіндік берді», - деп жазады бұл жолы. 

Қоғамның игілігі үшін күресуден қашқан емеспін дейді ары қарай. Бірақ кедергі келтіріп, аяқтан шалатындар да жоқ емес. Айгүл Орынбектің жазуынша, бұлардың арасында БАҚ өкілдері де кездескен. 

«Қоғамда көтерілген әрбір өзекті іске араласып, өз ойымды білдіруден ешқашан қашқан емеспін. Арыс, Мақтаарал оқиғасында жергілікті билік мені арандатушы, өтірік ақпарат таратушы ретінде көрсетуге бүкіл күшін жұмсады.

Бір жыл ішінде, қысым да көрдім, қудаландым да!

«Заказ орындағыш кейбір журналистерде» өз үлестерін қосты, менің аяғымнан шалуға!
Халыққа емес, тендер үшін әкімге жұмыс істейтін журналистер тұрғанда билікте өзгеріс болуы өте қиын», - деп ренішін білдірген. 

«Бүгін көмек сұраған халық, ертесіне қысым көріп кешірім сұрап, өзімді кінәлап тұрды.

«Жүз пайыз құрылыс жұмыстары бітті» - деген Шөкеев мырза, әріптестерінің ақша жеп күдікке ілініп жатқанына не деп жауап берер екен?

Экс Қызылорда әкімі 80 миллион, Батыс Қазақстан 50 миллион Арыс құрылыс жұмыстарына жиналған қор ақшасын жеп қойған деген күдікке ілінген!

Егер ақшалар желінсе қалай құрылыс жұмыстары 100% бітеді?

Қоғамды өзгерту әрбіріміздің қолымызда, әділдік жолы оңай емес

Әдемі сөйлеуді бәріміз білеміз, ал оны іспен көрсету оңай жұмыс емес!

Ешкім басыңнан сипамайды, басымнан сипайды деп күтпеймін де!

Бүгін мақтаған халқым, ертең таспен атқылауы мүмкін. Елімнің өркендеуі үшін, Мен бәріне дайын болуым керек!

Өзгеріс жолында мәдени диалог арқылы, құқықты сауатандыру, ағартушылық жолын таңдадым. Әркімнің өз таңдауы бар, «неге сен ол жолды таңдадың?» -деп маған ешкім шектеу қоя алмайды!

Бұл менің таңдауым! , - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар