$ 494.87  520.65  4.91

Лукашенко ереуілге «сыртқы күштер әсер еткені» үшін Путинмен байланысқа шықпақ

«Бізді бейбіт акциялар және шерулермен алдарқатудың қажеті жоқ. Астарында не болып жатқанын көріп отырмыз», - дейді ол.
фото: eadaily.com
фото: eadaily.com

Белоруссиядағы президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Лукашенко арнайы жиын кезінде ел ішіндегі ахуалмен бөлісті, деп хабарлайды NUR.KZ.

БелТАның хабарлауынша, Белоруссияда арнайы жиналыс өткен. Астанада жоғары лауазымды шенеуніктер мен президент бас қосқан. Лукашенко ведомстволарға тапсыма беріп қана қоймай, республикадағы наразылықтар туралы тағы да сөз қозғады. Ол «бейбіт акциялар мен шерулердің» шын мәнісінде бейбіт емес екенін бірнеше рет айтты.

«Бізді бейбіт акциялар және шерулермен алдарқатудың қажеті жоқ. Астарында не болып жатқанын көріп отырмыз», - деді президент.

Лукашенко Белоруссиядағы сайлаудан кейін саяси жағдайды тұрақсыздандыруға сырттан басқа бір күштер араласуда деп күдіктенеді. Ол сонымен бірге наразылық акцияларын «түсті төңкеріс» деп атаған. Ол белоруссиялық митингшілермен шетелдіктердің ынтымақтасқанын хабардар екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Лукашенко болған жағдайды талқылау үшін Ресей президенті Путинмен байланысу керек екендігін айтты.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті. Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары