$ 447.4  477.55  4.76

«Алла бостандық нәсіп етсін!»: «Дикий Арман» Шымкентте атыс ұйымдастырған жігітті жақтады (ВИДЕО)

«Олар – елдің нағыз патриоттары. Халықтың қайғысына бей-жай қарай алмайды», - дейді ол.

Таяуда Шыменттегі Grand Praga мейрамханасында атыс салдарынан бір адам көз жұмып, бес адамның зардап шеккені мәлім. Төртеуі бірден ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сол оқиғаға қатысы бар Дәуір Тәукеев атты азамат пен тағы екі күдіктіні Grand Praga мейрамханасына алып келіп, тергеу амалдары жүргізілді.

Осы орайда, кейінгі кезде «Дикий Арман» лақап атымен кеңінен таныла бастаған Түркиядағы жерлесіміз Арман Жұмагелдиев Instagram-дағы парақшасына әлгі Дәуір Тәукеев туралы жазба қалдырды.

«Ассаламағалейкум! Мен қысқа әрі түсінікті жауап бергім келеді: егер біздің ұл-қыздарымыздың, қарындастарымыздың, әйелдеріміз бен аналарымыздың ар-намысын қорғауы керек адамдар ақша үшін педофилдер мен жауыздарға жақтасып кетсе, біздің нағыз ерлеріміз не істеуі керек?

Олар – елдің нағыз патриоттары. Халықтың қайғысына бей-жай қарай алмайды. Олар ар-намыс пен әділетсіздік үшін өздерінің бостандықтары мен өмірін қиюға дайын. Дәуір де халықтың сондай ұлдарының бірі. Алла оған бостандық пен жеңіс нәсіп етсін!» - дейді «Дикий Арман».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары