$ 447.4  477.55  4.76

«Отбасымыз сарыла қайғыруда»: Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтанның өліміне қатысты жазба жариялады

«Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз» делінген жазбада.
фото: qazweek.kz
фото: qazweek.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының» директоры Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтанның өмірден өтуіне қатысты пікір білдірді. Жазба «Нұрсұлтан Назарбаев қорының» ресми сайтына жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз» делінген жазбада.

Еске сала кетсек, өткен түнде Ұлыбритания астанасында 30 жасқа қараған шағында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахат қайтыс болған еді. Алдын ала болжамға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары