Саясат 22.08.2020 сағат 15:15

«Назарбаев билікті Тоқаевқа табыстамаса да орынтағы шайқалмас еді» - саясаттанушы

90-жылдары Назарбаевтың авторитарлы жолды таңдаудан өзге амалы болған жоқ. Бұл жолды бұқара да, буржуазия да бірауыздан қолдады.
«Назарбаев билікті Тоқаевқа табыстамаса да орынтағы шайқалмас еді» - саясаттанушы
фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Саясаттанушы осы орайда Тұңғыш Президент жайлы ой өрбітіп, Назарбаев орынтағын босатпаған жағдайда не боларына болжам жасапты. Бұл жайлы Айдос Сарым Ratel.kz порталына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.  

«Назарбаев билікті Тоқаевқа табыстамай, 2020 жылғы сайлауға қатысар болса да, орынтағы шайқалмас еді. Тақта қалар еді. Билікті сақтап қалар еді. Отыз жыл емес, отыз бес жыл отырар ма еді, бәлкім. Бірақ мұндай биліктің тәуекелі тым жоғары болар еді. Назарбаевтың осы отыз жылда соңына қалдырған «мұрасы» маңызын жоғалтып, құндылығынан айырылар еді», – дейді Айдос Сарым.

Саясаттанушының айтуынша, 90-жылдары Назарбаевтың авторитарлы жолды таңдаудан өзге амалы болған жоқ. Бұл жолды бұқара да, буржуазия да бірауыздан қолдады. Сарым «билік саяси-экономикалық үлгіні елдің санасына таңып тастады» деген пікірмен келіспейді.

«Назарбаев таңдаған жолды халық та құптады. Экс-президент татулық пен әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге кепілдік етті. Нарықтық экономиканы қалыптастырды. Халықтың санасындағы кеңестік жүйенің дағдыларын жойды, капитализмді енгізді. Бұл үлгі көпке дейін жұмыс істеді. Қазақстан Орта Азияда оза шапты. Шикізат сатудан түскен аста-төк ақша алды-артымызға қарайлауға, бажайлауға мүмкіндік берген жоқ», – дейді Сарым.

Одан бері біраз уақыт өтті. Буын алмасты. Ой, орта өзгерді. Жаңа буын ескі жүйеге көңілі толмайтынын тіке айтты.

«Ал қоғам меңіреу емес. Қоғам ояу. Санасы сергек. Көзі ашық. Бәрін көріп-біліп отыр. Әлдебір жағдайдың боларын күтіп, әліптің артын бағып отырғандай көрінеді маған. Соңғы 10 жылда қоғамның ішінде көзге көрінбесе де үлкен өзгеріс болды. Бұл өзгеріс әлі жүріп жатыр. Оның қайда апарарын, қайда апарып соқтырарын сіз бен біз білмейміз. Белгілі билік халықпен бұрынғыдай сөйлесе алмайды. Диалогтың жаңа түрін орнату керек», – дейді саясаттанушы.

Думан БЫҚАЙ 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар