Бүгін, 23 тамыз күні Алматы қаласында және басқа қалаларда бірнеше қоғам белсенділері ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Полиция бөлімшесінде отырған белсенділерді үйіне қайтаруын талап еткен бір топ азамат Алматы қаласы Масанчи-Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан ПД алдына жиналды.
Қоғам белсенділеріне араша сұрап келген азаматтардың айтуынша, олардың үйіне полиция қызметкерлері барып, себепсіз, негізсіз тінту жүргізген.
«Біз мына кітаптарды жаздық. Бізбен ойнамасын! Керек болса, халқым үшін айқасып өлемін! Үкімет біздің арызымызды тыңдамаса, балама үкімет құратын боламыз. Сол кезде халық арызын бізге айтатын болады», - деген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Хасен Қожа-Ахмет, себепсіз ұсталған азаматтарды босатуды сұрады.