$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ отбасы Түркия президентінен көмек сұрап отыр

Олардың айтуынша, аса ауыр дертке шалдыққан қос бірдей перзентін Қазақстанда емдетуге еш мүмкіндік болмаған.

Көмекке мұқтаж болып отырған  Аружан және Бейбарыс есімді қос бірдей бүлдіршіннің басындағы ауыр жағдайды European Kazakh Forum бірлестінің төрағасы Өмірхан Алтын өзінің facebook парақшасында жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өмірхан Алтынның жазуынша, олардың ата-анасы көмек сұрап бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Бірақ еш қайран болмаған.

«Аса өкінішті жагдай!!!
Қазақ баласы Түрік президентінен көмек сұрап отыр!!!
Аса ауыр дертке шалдыққан қос бірдей перзентін өз отанында емдеу үшін ешқандай мүмкіншілікке қол жеткізе алмаған Балжігіт бауырымыз, балаларының тағдырына алаңдап, ем іздеп осыдан бір неше ай алдын Түрік еліне, Стамбул қаласына барған.

Аружан мен Бейбарыс есімді бүлдіршіндеріміз өкінішке орай әлемде сирек кездесетін «Арқа-тірек бұлшықет атрофиясы (Спинальная мышечная атрофия)» деп аталатын ауруға шалдыққан.

Балжігіт пен жолдасы Қазақстанда ресми орындармен қатар ҚазМұнайгаз, Самұрық Қазына, Халық банк, Каспий банк деген сияқты ірі компаниялар мен банктерге хабарласып көмек сұраған. Алайда олардан еш көмек болмаған», - деп жазған Өмірхан мырза. 

Автордың жазуына қарағанда, өз елінен күдерін үзген отбасы шетелден көмек сұрауға мәжбүр болған. 

«Жақын арада олар маған хабарласып жағдайларын түсідіргеннен соң осы Германиядағы орындарға шығып көмек жолдарын қарастырдым. Бұл өте сирек кездесетін ауруды емдеу өте күрделі де қымбат екен. Әрбір бала үшін қажет бір реттік бір дәрінің бағасы 100.000 евро тұрады екен. Шындығын айтқанда Аружан мен Бейбарысты бұл жаққа әкеліп емдету өте қиын болып тұр.

Енді барар жері, басар тауы қалмаған Балжігіт бауырымыз тіке Түркия президенті Режеп Ердоғанға үндеп көмек, атап айтқанда азаматтық сұрап отыр. Егер ол Түркия азаматтығына қабылданса балалары сонда тегін емделетін болады», - деп жазған өзінің facebook парақшасында. 

Оқи отырыңыз: «Германиядағы қазақ диаспорасының гуманитарлық көмегін консулдық әлі жібермей ұстап отыр» - Өмірхан Алтын

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары