$ 498.34  519.72  4.85

Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне мараторий жариялады

Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан жиында Мемлекет басшысы Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен түзетулерге мараторий жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Назарбаевтың айтуынша, халық бұл шешімге сенімсіздік білдірсе, онда ол расымен де дұрыс емес.

«Түсінбеген тұрғындарға түсінікті етіп жеткізу керек еді, жер ешқашан сатылмайтынын. Яғни, заңның мәнісі тиісті топтарға дейін жетпеген. Бірақ, заңға енген түзетулер мен өзгертулер алдын ала қоғамда талқыланбағандықтан, осындай дүрбелең туып отыр. Бұл бекер емес. Егер қазақстандықтар қабылданған шешімдерге сенімсіздік танытса, демек ол расымен де дұрыс емес деген сөз. Біз мұның бәрін халық үшін істеп отырмыз, алайда қоғамда біз қабылдап жатқан заңдарға деген сенімсіздік пайда бола бастады» деді Елбасы жиын барысында.

Мемлекет басшысы осылайша Жер кодексіндегі қабылданған кейбір түзетулерге уақытша мараторий жариялады.

«Мен бүгін болып жатқан жағдайларды ескеріп, Жер кодексіндегі кейбір нормалардың орындалуына келер жылға дейін мараторий жариялауды шешіп отырмын. Нақтысын айтсам, былтыр енгізілген төрт нормаға. Алдымен мәселені зерделеп алу керек, халыққа түсіндіру керек, содан кейін ортақ шешімге келген соң ғана мараторий алынып тасталады» деп атап өтті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Ақордаға Мемлекет басшысы  Парламент палаталарының төрағаларын, премьер-министрді, Президент әкімдігінің басшысын, үкімет өкілдері мен мемлекеттік орган басшыларын жинап, жер мәселесіне қатысты жиын өткізді.

ФОТО: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары