$ 498.34  519.72  4.85

«Nur Otan» партиясының жақтастары Лигасы өз қызметіне кірісті

Ертеңнен бастап Лига мүшелері өңірлерге шығады.
фото: qazaquni.kz
фото: qazaquni.kz

Осыдан шамалы бұрын белгілі ақын, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов, журналист Бибігүл Дәулетбек, М.Шибұтов және Э.Полетаев секілді бір-екі саясаткерден құралған біраз адам бір тудың астына жиналып, «Nur Otan» партиясының жақтастары Лигасы деп аталатын партия құрып жатқандарын жазған едік. 

Бүгін «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей өзінің facebook парақшасында әлеуметтік желілер мен БАҚ арасында «Nur Otan» партиясының жақтастары Лигасының қызметіне қатысты қызығушылық артып отырғанын айтып жазба жариялапты.

Айтуынша, ертеңнен бастап лига мүшелері ел аралауға шықпақ екен.

«Лига, қоғамның өзекті сұраныстарын ескере отырып, елді дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау жұмысына кірісті. Біз үшін өңірлер мен елдің өзекті мәселелерін шешу бойынша әр түрлі көзқарастар мен тәсілдердің болғаны маңызды. Ертеңнен бастап Лига мүшелері өңірлерге шығады. Бірінші кезеңде олар Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарына баруды жоспарлап отыр.

Барлық жинақталған ұсыныстарды Лига, зерттеу үшін, партияға ұсынады.

Екінші. Лига өкілдері партияішілік сайлау өткізудің ашықтығы мен әділдігіне сыртқы тәуелсіз бақылау процесін ұйымдастыру бастамасын көтерді. Ашықтық пен бәсекелестік – «Nur Otan» праймеризінің басты қағидаттары. Сондықтан да біз үшін нақты бәсеке негізінде ең мықтылардың жеңіп шыққаны маңызды.

Үшінші. Лиганың бірқатар мүшелері праймеризге қатысуға ниет білдіріп отыр. Олардың көпшілігі бұл туралы ашық жариялады және үміткер ретінде тіркелді. Мұндай бастамаларды біз, әрине, қолдаймыз. Олардың барлығы да өмірлік тәжірибесі мол, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар. Бұл үміткерлер орталықта және жергілікті деңгейде, соның ішінде қазіргі депутаттық корпусқа салмақты бәсекелес бола алады деп ойлаймын.

Қазіргі кезде Лиганың 30-дан астам мүшесі праймеризге үміткер ретінде қатысып, белгілі саясаттанушылар, журналистер, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер арасынан шыққан 15 адам бақылаушы болмақ», - деп жазған ол.

Сонымен қатар ол, лига жұмысының жетістігі ел азаматтарының белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары