Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек праймериз науқанына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, праймеризге қатысып, депутат болу ойында жоқ.
«Халық таңдаған депутат, қолдау іздемейді!
«Мен праймеризге барамын», “депутат болып өзгерткім келіп жатыр», «мені қолдашы»- деп мені әр жерге тектеп, менен қолдау іздеудің қажеті жоқ!
Ол орынға лайық болсаң, халық өзі ақ ұсынып, қолдайды! Егер қолдауың жоқ па, яғни халық үшін ештеңе істемегенсің, ертең депутат болып сайланып жатсаңда еш нәрсе істемейсің де!
Отыз жыл бойы “ маған дауыс берсеңдер, бәрін қатырамыз»- деген ұранды сөзден халық жалықты! , - деп жазады бұл жолы.
Сонымен қатар ол, жұрттан дауыс сұрап жалбарынып жүретіндердің қатарынан емес екенін айтқан. Халық қалаған тұлға дауыс сұрап зар илемейді.
«Қолында билік, қызметі жоқ кезде қоғам үшін пайдасын тигізбеген адам, қолына билік бергенде де қызмет етіп қарық қылады деп ойламаймын!
Өз өзіңді және халықты алдама!
Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама!
Сайлауға түсіп өз бағыңды сынап көргің келді ме? Біреуден қолдау іздемей, халыққа қызмет жаса, халық бұрынғыдай қараңғы емес! Өз таңдауын өздері жасайды!
Ал мені тыныш қалдыруларыңызды сұраймын!
Праймеризге қатысуға да, депутат болуды да армандаған емеспін!
Халыққа қызмет жасағысы келген адамға мандатта, қызметте керек емес, тек ниет болса болды! », - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.