АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы Мәскеу мемлекеттік органикалық химия және технологиялар ғылыми-зерттеу институтын (ГосНИИОХТ) және Ресей Қорғаныс министрлігінің екі ғылыми-зерттеу институтын қара тізімге енгізді, деп хабарлайды zakon.kz сайты.
РИА Новостидің хабарлауынша, тиісті құжат АҚШ-тың Федералды реестрінде жарияланған. Сауда министрлігінің, мемлекеттік департаменттің, Пентагонның, Энергетика министрлігінің және АҚШ-тың Қазынашылық министрлігінің өкілдері кіретін комитет бекіткен шешімге сәйкес қара тізімге: - Ресей Қорғаныс министрлігінің 33-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты (Саратов облысы); - 48-ші Қорғаныс министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу институты (Киров қ.), Екатеринбург пен Сергиев Посадтағы филиалдарын қоса алғанда; - "Органикалық химия және технологияның мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты" Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны (ГосНИИОХТ).
Бұйрықта жоғарыда аталған мекемелер Ресейдің химиялық және биологиялық қаруды жасау бағдарламасымен байланысы бар деп Вашингтонның күдіктенетіндігі баса айтылған.
Оқи отырыңыз: «Қазақстан АҚШ-тың санкциясына ұшырауы мүмкін» - сарапшы
Іс жүзінде АҚШ әкімшілігінің қазіргі шешімдері қара тізімге енгендерге АҚШ-тың экспорттық бақылауын күшейтетінін білдіреді. Бұл, шын мәнінде, оларға лицензия беруге тыйым салу, АҚШ-та екі мақсатты өнімді сатып алуға мүмкіндік беру. Сол секілді коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасауға қатысқан Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу институты да шектеу шараларына ұшыраған.
Сенатор Олег Морозов Вашингтонның шешімін вакцина жасауда сәтсіздікке ұшырауының көрінісі деп түсіндірді. Оның пікірінше, АҚШ Ресейдің дәрі-дәрмегін Батыс нарықтарына кіргізгісі келмейді, бірақ ол кез келген жағдайда сұранысқа ие болады.