Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польшадағы төтенше және уәкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Айта кету керек, Алтай Ибрагимұлы бірнеше тілді, соның ішінде поляк және қазақ тілдерін еркін меңгерген маман. Ол журналистика факультетінің халықаралық қатынастар магистратурасын Варшава университетінде тәмамдап, 1997 жылдан бастап Польша және Австриядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-елшісі болып жұмыс істеді, сондай-ақ, Венада халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде еңбек еткен. Бұл қызметке тағайындалғанша ҚР СІМ-нің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі және ресми өкілі болды.
2012 жылдың қарашасынан 2014 жылдың сәуір айы аралығына ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы өкіл болып жұмыс істеген.
2014 жылы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалса, мұнан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі атанды.