$ 444.22  476.38  4.82

Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқаратын болды

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі болған Ерболат Досаев енді "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқарады. Бұл ақпаратты холдингтің баспасөз қызметі растады деп жазады informburo.kz.

Естеріңізге салайық, Жер кодексі төңірегіндегі даудан кейін Ерболат Досаев Мемлекет басшысынан өзін отставкаға жіберуін сұраған болатын. Артынша ол қызметінен кетті. Сондай-ақ, вице-министр Қайырбек Өскенбаевты да Назарбаев жұмыстан босатты. Бұл екеуін және Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбековты Елбасы Жер кодексіндегі өзгерістерді халыққа дұрыс түсіндіре алмадыңдар деп айыптаған болатын.

Мұнан кейін Ұлттық экономика министрлігінің тізгінін Қуандық Бишімбаев ұстаса, Ауыл шаруашылығы министрі болып Асқар Мырзахметов тағайындалды.
Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда дүниеге келген. Алматы энергетикалық институтын электронды техника инженері мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде де білім алды.

Еңбек жылдарында Ерболат Досаев ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, Энергетика вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрі, Денсаулық сақтау министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Қаржы және бюджетті жоспарлау министрі болып жұмыс істеген. 2014 жылдың тамызында ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары