$ 498.34  519.72  4.85

Берік Уәли президенттің халыққа жолдауы қандай форматта жарияланатынын атап өтті

Ертең, яғни, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.
Фото: Ақорда сайтынан
Фото: Ақорда сайтынан

Қазақстан президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ертең, яғни, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Жолдауды барлық республикалық телеарна тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады", - деп жазды Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары