$ 498.34  519.72  4.85

«Назарбаевтың арқасында әлемдік аренада абырой-беделге ие болдық»: Тоқаев Елбасыны тағы да мақтады

Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында болашақта көш бастайтын мемлекеттердің дағдарыс кезінде шыңдалатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде тың реформаларға серпін берілуі керек. 

"Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет. 

Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. 

Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада абырой-беделге ие болдық.

Сондықтан, әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет.

Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз", - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары