Қазақстан президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ертең, яғни, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Жолдауды барлық республикалық телеарна тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады", - деп жазды Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.