Мемлекет басшысы Бағдат Мусинді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын", - деп жазылған құжатта.