03.09.2020, 10:00

Өткен тәулікте 3 өңірден коронавирус жұқтырғандар тіркелмеді

Фото: pixabay.com
Індетке шалдыққандар жалпы саны бойынша Алматы (14 238), Нұр-Сұлтан (13 851) қалалары мен Атырау облысы (10 931) алда тұр.

Қазақстанда өткен тәулікте 88 адамда коронавирус расталды. Оның ішінде 33 адамда клиникалық белгілері жоқ, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Жаңа жағдайлар Нұр-Сұлтан қаласы (18) мен Шығыс Қазақстан облысында (14) көп тіркелді. Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ.

Індетке шалдыққандар жалпы саны бойынша Алматы (14 238), Нұр-Сұлтан (13 851) қалалары мен  Атырау облысы (10 931) алда тұр.

Елде ауырғандардың жалпы саны 106 032 адамға жетті. 97 967 науқас жазылып, 1 588 адам қайтыс болды.