$ 494.87  520.65  4.91

«Ресей мен Беларусь арасында ортақ валюта болады» - Калашников

Ортақ валюта мен ортақ парламентті енгізу екі елдің конституциясын да өзгертуге себепкер болады.
фото: gazeta.ru
фото: gazeta.ru

Ресей мен Беларусь «Одақтас ел» жобасы аясында ортақ валюта енгізуге дайындалуда, дейді ТМД істері бойынша комитет басшысы Леонид Калашников «Говорит Москва» радиосына берген сұхбатында. Бұл туралы newsroom.kz хабарлады.

«Ортақ валюта болады. Өйткені, бұл жолдағы жұмыс жүргізіліп, орталықтар да құрылды. Қазір Беларусь елі ортақ валютаға келіседі деп ойлаймын», - деді Калашников.

Оның ойынша, ортақ валюта мен ортақ парламентті енгізу екі елдің конституциясын да өзгертуге себепкер болады. Дәл осы мәселе Путин мен Лукашенконың жақын арада Мәскеуде өтетін кездесуінде талқылануы мүмкін.

Бұған дейін Ресейдің Мемлекеттік Думасында ортақ валютаны 2030 жылға дейін енгізетіні айтылған. Лукашенко ортақ валюта идеясына келісіп, алайда, оның қазіргі екі елдегі рубль емес, мүлде бөлек валюта болатынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары