$ 494.87  520.65  4.91

«Бүгінде «Құрметті азамат» атағы арызқой шалдардың аузын жабу үшін берілетін болған» -журналист

«Ардагер, құрметті азамат» деп әспеттеп, мереке сайын екі қап ұн тарататыны рас қой.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш өзінің Facebook парақшасында соңғы кездері «Құрметті азамат» деген атақтан да сән кетіп, кім көрінгенннің еншісіне бұйыра беретін арзан дүние болып кеткеніне күйініп, жазба жариялапты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

«Бір әріптесіміз туған ауданының «Құрметті азаматы» атаныпты. Елдің бәрі жапатармағай құттықтап жатыр. Бұдан 11-12 жыл бұрын, ауданның құрылғанына 70 жыл қарсаңында әкімдіктен маған да хабарласып, «Құрметті азамат» атағын бергелі жатқанын айтып еді. Мәслихатқа ұсынылғалы жатқан тізімде аты-жөнім бар екен. Бірден шоршып түскем. «Ауданның артық-кемін айтсам - ол менің міндетім. Әрі-беріден кейін - жұмысым. Ал мереке сайын беретін екі қап ұндарыңды басқаға беріңдер! Мені өйтіп ұятқа қалдырмаңдар!» деп тыйып тастағам», - деп жазған бұл жолы. 

Оның айтуынша, «Құрметті азамат» атағы арызқой шалдардың аузын жабу үшін берілетін болған. 

Аудандарда арызқой шалдардың аузын жабу үшін «ардагер, құрметті азамат» деп әспеттеп, мереке сайын екі қап ұн тарататыны рас қой.

Әлгі әріптесімді шұбатыла құттықтап жатқандарды көріп: «Осы мен қып-қызыл ақымақ шығармын, а?" деп ойланып отырмын. Енді отырысым мынау, ылғи «құрметсіздер» қатарында!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз:«Мұхамеджан Тазабек «психология ғылымдарының кандидаты» деген атақты 10 мың долларға сатып алған» - Тоқтар Жақаш  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары