$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы елбасының қабылдаған жарлығына өзгеріс енгізді

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" жарлығына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары