$ 494.87  520.65  4.91

Әкесімен жасты кісіге тұрмысқа шыққан ару көпшілікті таңқалдырды

Өзгелердің сөзіне құлақ асып, өмірді құр өткізе алмаймын.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

АҚШ-тың Юта штатында тұратын 24 жастағы Келси Аллен әкесімен жасты адамға тұрмысқа шықты. Бойжеткен болашақ жарын небәрі 19 жасында кездестірген, ал ол кезде ер адам 47 жаста еді. Қос ғашық араға тек бес жыл салғаннан кейін ғана үйленуге шешім қабылдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ, Life.ru-ға сілтеме жасап.

Өзіненен едәуір үлкен адамға тұрмысқа шыққан Келсидің сезімінің шынайы екеніне сенетіндер аз болған. Ол тіпті, көшеде өтіп бара жатқан кезде адамдардың өзіне жаман қарайтынын байқаған. Олар Келси Полмен тек ақша үшін жүр деп ойласа керек.

Әуелде бойжеткен жұрттың сөзін көңіліне алса, уақыт өте келе оларға назар аудармауды жөн көріпті.

"Мен оны сүйемін. Өмір қамшының сабындай қысқа екенін түсіндім. Оны өзгелердің сөзіне құлақ асып, құр өткізе алмаймын. О баста жақындарымыз да біздің қарым-қатынасымызға күмәнмен қарады. Бірақ бізді жақсырақ танығаннан кейін бәрі өз орнына келді", - дейді Кэлси.

Қазіргі уақытта 53 жастағы Полдың 27, 25 және 23 жастағы балалары бар. Олар әкесінің 24 жастағы жарымен тіл табыса алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары