11.09.2020, 15:20

«Алматыда мектепке ақша жинау тыйылмай тұр» - журналист

Фото: facebook.com/baurzhan.karipov
Бұл қаржыға мектепке қажетті заттар сатылып алынбақ көрінеді.

Қанша жерден тыйым салып, шара қолданса да елімізде мектепке ақша жинау мәселесіне әлі де тоқтау болмай тұр. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінен ана мектепке ақша жиналып, мына білім беру мекемесінің басшылығы осынмаша көлемде қаржы әкелуді тапсырып жатыр деген ақпараттарды жиі оқып жатамыз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналис Бауыржан Карипов есімді журналист өзінің facebook парақшасында Алматыдағы білім ордаларының бірінде үлкен көлемде қаржы жинап жатқанын айтып пост жазыпты.

Оның айтуынша, бұл қаржыға мектепке қажетті заттар сатылып алынбақ көрінеді. 

«Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылында ата-аналардан 3000 теңгеден жинап жатыр екен. Ата-аналар жекеге шығып көмек сұрайды. Бір отбасында 4 бала мектепке барса, әр қайсысы 3000 мыңнан берсе, не болды и?

Бұл ақшаны сыныптағы ата-аналар комитеті жинап жатқан көрінеді. «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі заттарды ата-аналардың ақшасына алмақшы. Оқушыларды мектепке қайтарудың өзі ақша екен.

Коврики: 50см×50см--3700тг 70смсм×50--5500тг 100см×50--7000тг Шлемы--1500тг

Все виды наклеек--300то за шт Антисептики: 0.5л--1200тг 1л--2000тг 5л--8000тг Дозатор металический- 4500тг Имеются сертификаты на антисептики Так же имеются противохимические комбинезоны белого цвета

Ата-аналар бізден көмек сұраған екен, біз кімнен көмек сұраймыз? Әрине, облыс әкімі Амандық Баталовқа жазамыз. Әкімнің баспасөз хатшысы Айдар Карбозұлына жазамыз. БҒМ Askhat Aimagambetovке жазамыз. Асхат мырза, сіздің кінәңіз жоқ, барлығы чики-чики деп есеп берген облыстық Білім басқармасы басшысына қайта сұрау салыңыз. 

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге жазамыз. Кеше ғана Президент облыс әкімін қабылдаған», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.