Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook парақшасында Шымкент қаласындағы шенеуніктердің былығын әшкерелеп тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, Шымкенттік шенеуніктер заңды белден басып, жергілікті ипподромды ашықтан-ашық саудалауға көшкен.
«Елбасының қолдаған жерін емес, әкім Әйтенов өз таңдаған жерін саудалап, Шымкенттің быт-шытын шығарып жатыр!
Шымкент әкімі ипподромды «жесткі» саудалап жатқанын көрдік! Брифингке келіп, Халықтың алдына шығып жауап берудің орнына, әкім қорықтыма, өзінің уәзірлерін жібергеніне де куә болдық!
Уәзірлерінен сұрағыма нақты жауап ала алмадым! Халықтың сөзін сөйлеу керек депутаттар да нақты сұраққа келген де басын алып қашты!
Қоғам белсенділері "шулап-шулап қояды" деп арқарай құрылысты бастап кеткен жоқсыңдар ма, Шымкент қаласы әкімдігі? Ипподромға тұрғын үй салуға қарсымыз! Мектеп, аурухана, арбат,саябақ, спорт алаңшаларын салуға ғана рұқсат!
Бизнесмен, инвестор ешқашан халық пайдасына емес, өз пайдасына жүретінін бәрі біледі!
Ипподром жерінен, Әйтенов, тарт қолыңды!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.