$ 494.87  520.65  4.91

«Қытай билігінің Президент Тоқаевқа емес Назарбаевқа шақыру тастауы жақсылық емес » - қоғам белсендісі

Бұны қытайдың Қазақстанның ішкі саяси ахуалын бұзуға тырысқан кезекті бір қадамы деуге болады.
Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz

Елімізге жұмыс сапарымен келген Қытай Сыртқы істер министрі Ван Идің  Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы қабылдауында болып, оны Қытайға шақыруын қоғам белсенділері ерсі қылыққа балап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, Қазақстан Республикасының заңды президенті тұрғанда Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына ресми шақыту шақырту тастауы заңға қайшы әрекет, Қытайдың еліміздің ішкі ісіне араласуы.

Ардагер дәрігер, журналист әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы қытай өкілінің Президент Қ.К.Тоқаевқа емес Назарбаевқа шақыру тастауын елдегі ішкі саяси ахуалды бұзуға тырысқан кезекті бір қадамы деп бағалаған.

«Қытай мен Қазақстан билігінің жекелеген адамдары арасында мүдде сыбайластығы бар. Демократиялық институттары әлсіреген мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласу, ықпалын жүргізу қаупі ұлғая түседі. Қытай жағының елден ерек қауіпсіздігіміздің кепілі Президент Қ.К.Тоқаевқа емес Назарбаевқа шақыру тастауын елдегі ішкі саяси ахуалды бұзуға тырысқан кезекті бір қадамы деуге болады. Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Ата Заңымыздың 40-бабының 1-тармағында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын Президент айқындайтыны анық жазылған. Ендеше Назарбаевтың мұнысына жол болсын.

Жерге қатысты мораторидің бітуі де таяп қалды.... Қытай билігінің бұл саяси шақыруына Президент, Парламент, ҰҚК назар аударғандары дұрыс...», - деп жазған өзінің facebook парақшасында. 

Есеріңізде болса, Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван И Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды. Кездесу барысында Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің ауызша ыстық сәлемін жеткізді. Онда Қытай Төрағасы Елбасыны кез келген ыңғайлы уақытта Қытайға сапармен келуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары