Біраздан бері өзінің Facebook парақшасы арқылы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған шенеуніктердің былығын әшкерелеп келе жатқан белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек тағы бір шулы бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің кезекті бейнежазбасында қаладағы жедел жәрдем көліктерінің бірінің жолдан өте алмай, құмға батып жатқанын көруге болады. Автордың айтуынша, бұл видеоны Әйтенов секілді шенеуніктер көрсін деп әдейі салған.
«АуылПолистың жесткий торгач әкімі Әйтеновтың назарына!
Солтүстік саяжай мөлтек аудан тұрғындары мына видеоны интернетке салуды сұрапты. Әкімдіктегілер бұндай жерлерді, видеоларды көрмейді! Ал мен көремін және көрсетемін!
Жедел жәрдем жететін жеріне жете алмай жатыр! Күтіп отырған ауру арғы дүниеге жүріп кетсе ше? Кім жауапты?
Орталық жолдарды қазып, жасай беретін әкім жауапты! Міне бізде ең бірінші кезекте жасалу керек жолдар!
Әйтенов, жерді саудаламай, жолдарды дұрыстап төсе!», - жазған ол өзінің facebook парақшасында.