Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек ел тұрғындарын әлеуметтік желі бетінде хит болып тұрған праймериз науқанына қатысам деп ақ тер, көк тер болып жатқандардың майда тіліне ере бермей, болашақта нақты немен айналысатындарына көңіл аударып, талап қоя білу керектігін ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, депутаттыққа тілі майда алаяқтардың өтіп кетуінен сақтану керек.
«Праймеризге барамын деген үміткерге сәттілік тілемей, депутат болса не бітіретінін сұрасаңдаршы!
Депутаттыққа үміткерлер суретін салып жатса, сәттілік тілеп отырған халыққа қарап көңілім қалып отыр!
Ертең “ойбай депутаттар қайда?» - деп зарламас үшін, сәттілік тілемей, олардың нақты болашақта халық үшін не жасай алатынын талқыламайсыңдар ма?
Кез келген үміткердің суретін ашып, оқыңыздар, тек сәттілеп, қолдап отырған, адамдар!
Неге мүмкіндікті пайдаланып, қатысып жатқан адамдардан талап етпеске!
Ертең халықтың атынан осы өздерің сәттілік тілеп отырған адамдар сөйлейді!
Өздерің қәзір талап етпесеңдер, ертең сөздеріңді сөйлемей жатса «депутаттар қайда?» деп жылаудың қажеті жоқ! Себебі өздерің сәттілік тілеп сол жылы орынға отыруға себебші болдыңдар!
Оқи отырыңыз:«Депутат болуды армандаған емеспін» - заңгер
Осы уақытқа дейін дым бітірмеген, кейбір беті қалың депутаттар қайта түсіп жатыр екен! Олардың осы уақытқа дейін дым бітірмегенін ашып жазыңдар!
Болашақ өз қолымызда, партия халық үшін жұмыс істесін десеңіздер!
Партияға үміткер адамдардан да, осы бастан талап етіп үйреніңдер!
Ойдан қырдан қашқан тілі майда алаяқтар өтіп кетсе, халықтың сорлағаны сорлаған! Бұл сайлауға бей-жәй қарамаңыздар, уа халқым!
Үміткерлерді барынша сынақтан өткізіңдер!
Жалпақ тілде айтқанда маскілерін шешіңдер!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.