$ 484.11  528.79  5.03

«Жергілікті өзін-өзі басқару» заңын қабылдамайынша, ауыл әкімдерін сайлағаннан ештеңе өзгермейді» - Оразалы Сәбден

Бізде әлі «Жергілікті өзін-өзі басқару заңы» жоқ, бұл пародокс? Алдымен заң жүру керек емес пе!
фото: 7kun.kz
фото: 7kun.kz

Белгілі ғалым Оразалы Сәбден Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ауыл әкімдерін сайлау туралы бастамасына қатысты өз ойын білдіріпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалымның айтуынша, бұл мәселеге келгенде де пысықталуы тиіс дүниелер әлі де көп. Солардың бірі - «Жергілікті өзін-өзі басқару» заңын қабылдау. Ал онсыз әкім сайлаудан ештеңе өзгермейді.

«Ауыл әкімдерін сайлау дұрыс-ақ.
Бірақ бізде 30-жылда , әлі «Жергілікті өзін-өзі басқару заңы» жоқ, бұл пародокс?
Алдымен заң жүру керек емес пе! Талай айттым да,жаздым да құлақ асқан ешкім жоқ билікте. Жалған көзбояушылықтан, демократиядан шаршадық қой, ағайын», - деп жазады өзінің facebook парақшасында. 

Жоғарыға ұсыныстарын да жіберген. Алайда одан еш нәтиже болмаған. 

«Сөзім дәлелді болу үшін Президентке де, Үкіметке де талай түбегейлі ұсыныстар, жобаларды жасап жібердім, Газеттерде де шығуда. Президенттен ары тапсырма беріледі, бірақ талай Министрліктерден қолдаймыз , біз ананы-мынаны жасап жатырмыз деген жай ғана «отписка» ретінде хаттар келуде? Япыр-ай, еш болмаса біреуі шақырып мына жобаңызбен ақылдасайық деген жан жоқ? Бюракратия қанға сіңіп, бойды алды.

Мұны тек 30 жыл бойы қалыптасқан жүйені өзгерту, қасаң тартқан сананы жаңарту арқылы мүмкін! Кейінгі буын жастардан осыны күтем. Еще не вечер, өз басым көмек беруге даярмын», - деп ойын білдірген. 



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары