Саясат 18.09.2020 сағат 17:00

Навальныйге - Нобель, Путинге - Шнобель!..

Еуроодақ елдері Навальныйды Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынып жатқанда Ресей президенті Владимир Путин де сыйлықтан құралақан қалмапты.
Навальныйге - Нобель, Путинге - Шнобель!..
Фото: abai.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Америкалық Rutgers University-нің профессоры Сергей Ерофеев Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальныйдың Нобель сыйлығына ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды Абай.кз сайты.

Навальныйдың Нобельге ұсынылғаны туралы орыс ақпарат құралдары да ақ тер, көк тер болып, жазып жатыр екен. Ал орыс сенаторы Олег Морозов Навальныйдың Нобельге ұсынылуын «Батыстың лас ойыны», деп бағалапты.

«Мен оның бұл сыйлықты алатынына күмәнмен қараймын. Бірақ, алып қалуы да мүмкін. Мұндағы күлкілі бір жайт: міне, бірнеше күннен бері сарапшылар Навальныйдың бұл сыйлықты алатынын болжап жатыр. Яғни, бұл абсурдтың логикасы алдын ала белгілі болған», - депті орыс парламентінің депутаты.

Профессор Сергей Ерофеев те бұл ақпарат туралы өз пікірін Facebook-та жариялапты.

«Мен неге Навальныйды Нобельге ұсынуға қарсымын? Иә, Навальный өте жақсы және күрескер саясаткер. Бірақ, баяғыда-ақ, саяси ойындардың құралына айналып кеткен бейбітшілік сыйлығының керегі, қатысы не?

Бұған қатысты пікір: Әрине, бұл сыйлық саяси ойындардың құралына айналған, ал онымен дәл қазір Навальныйды марапаттау - оның (Навальныйдың) физикалық өмірі үшін күресі жолында бұл инструментті дұрыс қолдана білу деген сөз.

Оған қоса, сыйлықпен бірге берілетін миллион доллар - ФБК ісіне қатысты сот міндеттегені бойынша Пригожинге берілуі тиіс сомамен бірдей. Былайша айтқанда, уды умен қайтару. Бұдан өткен күлкілі пікір бола ма? Бейбітшілік сыйлығыңың ақшасын трольдер мен содырларды қаржыландырып отырған адамға беру?.. Бұл Путиндік жүйедегі абсурдтық цирктің кульминациясы болар еді», - депті ол.

Нобель сыйлығы 1901 жылдан бастап бейбітшілікке ерекше үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға беріледі.

Айта кетейік, 20 тамызда Навальный Томскіден Мәскеуге ұшқан. Алайда, оның жағдайы күрт нашарлауына байланысты ұшақ Омбыға шұғыл қонған. Навальный сол жерегі № 1 жедел жәрдем ауруханасының реанимация бөлімінде жатқызылған.

22 тамыз күні таңертең оны ұшақпен Берлин Charite клиникасына алып барды.

2 қыркүйекте Германия үкіметі Навальныйдың денесінен құрамы жағынан Новичокқа ұқсас заттың іздері табылғанын хабарлады.

Саясаткерден алынған биологиялық материал Германияның қарулы күштерінің арнайы зертханасында зерттелген. Навичок тобының уларымен Навальныйдың улану фактісін Франция мен Швециядағы зертханалар да растады.

Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі Навальныйдың улануына қатысты мәлімдемелер фактілермен расталмағанын мәлімдеді. Ресейдің сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин Германияға аттанар кезде саясаткердің денесінде удың іздері болмағанын айтты.

Charite клиникасының дәрігерлері 7 қыркүйекте Навальныйды медициналық комадан шығарып, тыныс алу аппаратынан ажыратқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Есін жиған Навальный желіде алғаш рет жазба қалдырды

14 қыркүйекте неміс дәрігерлері саясаткердің өзін жақсы сезінетінін және қазірдің өзінде аяққа тұрғанын хабарлады.

15 қыркүйекте ресейлік оппозиционер Instagram парақшасында уланудан кейінгі алғашқы жазбасын жариялады.

15 қыркүйек күні Еуроодақ жаңа санкцияларды Навальныйдың атымен атауды ұсынды. Адам құқықтар мен гуманитарлық құқықтардың бұзылуына қатысты Еуроодақ әзірлеп жатқан жаһандық санкцияны Навальныйдың атымен атаған дұрыс. Бұл пікірді ЕО Сыртқы саясат және саяи қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы төрағасы Жозеп Боррель айтқан.

17 қыркүйек күні Еуропарламент депутаттары Навальныйдың улануынан кейін Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы резолюцияны қабылдады.

Еуроодақ елдері Навальныйды Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынып жатқанда Ресей президенті Владимир Путин де сыйлықтан құралақан қалмапты.

18 қыркүйектегі ақпарат. АҚШ-тың Гарвард университетінде Шнобель сыйлығы үлестірілген екен. Шнобель - ғылымдағы күмәнді және абсурдты деген ғылыми еңбектер үшін берілетін әзіл сыйлық.

Бұл сыйлықтың 2020 жылғы иегерлерінің қатарында бірнеше мемлекеттің басшылары бар екен. Атап айтқанда, Ресей президенті Владимир Путинге, АҚШ президенті Доналд Трампқа және Беларусь президенті Александр Лукашенкоға берілген.

«Медициналық білім беру саласы бойынша Шнобель әзіл сыйлығы Бразилия, Ұлыбритания, Үндістан, Мексика, Беларусь, АҚШ, Түркия, Ресей және Түркіменстан лидерлеріне адам өмірі мен өліміне ғалымдар мен дәрігерлерден гөрі саясаткерлердің күштірек ықпал ететінін әлемге үйрету үшін коронавирус пандемиясын сәтті пайдаланғаны үшін беріледі», - депті сыйлықты үйлестіруші Марк Абрахамс.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар