Алматы күні қарсаңында қалалық мәслихаттың VI шақырылымының XVII сессиясы өтіп, 10 адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен, «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын алғандар: 1. Каюпова Нина Амировна – 1936 жылы туған, дәрігер, профессор, акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері; 2. Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы – 1942 жылы туған, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Білім және ғылым министрі; 3. Рымбаева Роза Қуанышқызы – 1957 жылы туған, эстрада әншісі, киноактриса, оқытушы-профессор; 4. Жолжақсынов Досхан Қалиұлы – 1951 жылы туған, театр және кино актері; 5. Өтемұратов Болат Жәмитұлы – 1957 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері; 6. Қуандықов Тілеуберді Кеңесбайұлы – 1973 жылы туған. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі; 7. Жұмаділ Қабдеш – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы; 8. Алшанов Рахман Алшанұлы – 1947 жылы туған, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы; 9. Асанов Тұрарбек Мәжілұлы – 1951 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері; 10. Бижанов Ахан Хұсайынұлы – 1949 жылы туған, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.