$ 494.87  520.65  4.91

«Интернет, такси, маршрут, бензин дегендер тегін болады!»: ғаламторда праймеризден үмітті кандидаттың видеосы пайда болды

Сосын қасиетті жұма күніне орай таксилерді де тегін қыламын. Сонымен бірге, барлықтарыңыздың кредиттеріңізді кешіріп беруге шын жүрекпен уәдемді берем!
фото: скрин
фото: скрин

Еліміздің әр өңірінде праймериз кандидаттары арасында қызу дебат өтуде. Елімізде бұрын-соңды болмаған саяси науқанға атын ұсынып, болашақ депутат болуды мақсат тұтқандар күтпеген жерден халықтың жағдайын көтеріп, өз аймақтарындағы күрмеуі қиын мәселелер мен оның шешу жолдарын айтып қызыл кеңірдек болып  жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғаламтор бетінде осындай дебаттардың бірінен қысқаша үзінді берілген бір бейнежазба тарады. «Халқына шын жанашыр депутат атқа қонды» деген атаумен тарап жатқан бұл бейнежазбадан  праймеризге кандидаттардың бірінің халықтың өңі түгілі түсіне де кірмеген заман орнататынын айтып, «интернет, такси, бензин секілді дүниелердің барлығы тегін болады!» деп үйіп-төгіп уәде беріп жатқан жас жігітті байқауға болады.

Әлемжелі бетінде қызу талқыланып жатқан бұл бейне жазба facebook желісіндегі группалардың бірінде жарияланған.

«Қазақстандағы интернетті тегін қыламын. Маған сенсеңіздер, бензинді тегін қылам. Кәдімгі Ай - 92 және 95 маркалы бензинмен тегін жүресіздер! Маршруттар да тегін болады, барлық жерге. Барлық студенттер, кәрісі-жасы маршрутта тегін жүреді. Сосын қасиетті жұма күніне орай таксилерді де тегін қыламын. Сонымен бірге, барлықтарыңыздың кредиттеріңізді кешіріп беруге шын жүрекпен уәдемді берем», - дейді майлы мінберден қатты үмітті кандидат. 

Бейтаныс үміткердің бұл уәдесі халқына деген шын жанашырлықтан туындап жатқан даусыз. Бірақ желі қолданушылары праймериз кандидатының бұл ісін сауатсыздыққа балаған. Көбі ақымақтық, халықты мазақ қылу деп түсінген.

«Лапша ілуді жап-жақсы үйренген екен, сабазың», «Жайлы орынға отырғанша осылай жұртты алдайсыңдар, сосын «сені қайдан көрдім!» деп таң қаласыңдар!», «Мазақ қылып тұр ғой халықты...», «Ұят ай. Не деген сауатсыздық!» деп өз реніштерін білдірген. 

Қалжың ретінде қабылдағандар да баршылық. Zhannat Makhambetova есімді қолданушы «Әзілкеш студия ма?» деп пікір білдірсе, Алмагуль Ибраимова деген атаумен тіркелген тағы бір пікір иесі «Өзінің айтқанына өзі сенбей күледі, қиялы шығар, не болмаса бұл бала КВН ойыншысы, өзін-өзі мазақтап тұрған сияқты, көзінде қайсарлылық жоқ» деп жазба қалдырыпты. 

Айтпақшы, Бакжан Калиев есімді тағы бір қолданушы «Ұстаздан шәкірт озған заман болды ғой. Отыз жылдан бері көрген сайлауы осындай ғой, лепірмей қайтсын.Ризамын, iнiм, аман болшы!», - деп саяси астары бар пікір жазып кеткен. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары