Саясат 23.09.2020 сағат 15:20

«Божко секілді нацистер қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек» - қоғам белсендісі (ВИДЕО)

Егер қазір бұл нацист пен арандатушыны жазаламасақ, онда біздің мемлекет ретіндегі құнымыз көк тиын.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері қазақ халқы мен тіліне тіл тигізген Кирилл Александрович Божко есімді Қостанайлық шобинстің құрғақ кешірім сұраумен құтылып кетпей, қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, оның бұл тірлігі қазақ халқын басынғандық. Ондайларды заң аясында жауапқа тартып, ҚР ҚК 174-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Сонда ғана өзгелер аяқтарын тартып жүретін болады.

«Мына Кирилл Божко деген бізді әбден масқаралап отыр, шамасы алдында да талай рет басқалар кешірім сұрап құтылып кете бергесін, мен де көп болса солай құтылармын деген шығар? Қазір байқауымша ФБ бетінде оны қалайда жазаға тартуды жақтаушылар көп. Мен де көбіне достарым қазақ тілді аудитория болғандықтан, бәлкім орыс тілді аудиторияда жағдай мүлдем басқаша шығар? Қалай болғанда да ана тілді-мына тілді деп бөлінбей, барлығымыз бір ауыздан осы жігітті жазаға тарту жағына жұмыстануымыз керек деп ойлаймын, өйткені ол жеке адамдарды ғана емес, бүкіл қазақ ұлтын қорлап отыр ғой», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол бұл жолы да Ресейдің саясатын жақтаушы Кирилге құзырлы органдар тарапынан іс қозғамау мүмкін екенін жазған.

«Мұны қалай жасауға болады? Жекелеген адамдар ма, әлде қазақ тілі сияқты қоғамдық ұйымдар ма - әйтеуір біреу сотқа арыз түсіргені дұрыс шығар, әйтпесе жапа шегуші жақ болмаса сот немесе полиция оргадары іс қозғамауы да мүмкін? 

Немесе осында петиция жазып, соған қол жинаушылар болушы еді ғой? Әйтпесе бұлар бірінен-соң бірі әбден мазақ етіп, артынан кешірім сұрап құтылып, намысымызға тиіп бітті емес пе? Құзырлы органдар дегеніміз де намысы жоқ біреулерге айналып кетті ғой, әйтпесе ешкімге жалтақтамай-ақ, заңды тұтқаларды қолдана отырып сондайлардың үндерін өшіру қолдарынан келеді ғой», - деп атап өткен қоғам белсендісі.

Тағы бір жазбасында Қуаныш мырза оның жария түрде кешірім сұрауының өзі аздық ететінін айтқан. 

«Бұл дұрыс емес. Біз осындай қаншама кешірім сұрауларды естідік, бірақ олардың сотқа дейін жеткенін көрген жоқпыз.  Ол тіпті тек сот алдында ғана болмаса, жария кешірім сұрауға міндетті емес. Мұндай кешірімдерге қазір ешкім де сенбейді.

Сондықтан тағы да қайталап айтайын - міндетті түрде сот болуы тиіс! Және сот қаулысында нақты мерзім көрсетілуі керек.

Сот тек қана ашық жағдайда өтуі тиіс. Мұны азаматтық қоғамның бақылауына алуына, сот қаулысы мен оның заңдық күшіне енуіне шейін бақылауда болуын ұсынамын.
Егер қазір бұл нацист пен арандатушыны жазаламасақ, онда біздің мемлекет ретіндегі құнымыз көк тиын», - деп көрсеткен. 

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Қостанай облысына қарасты Рудный қаласының тұрғыны делініп жүрген Кирилл Божконың Inter вата youtube арнасының жүргізушісі Василий деген біреуге берген сұқбаты жарияланған болатын.  Ол сұқбат барысында қазақ халқына ауыр айыптар тағып, тіл тигізген. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар