$ 494.87  520.65  4.91

Праймериз: «Nur Otan» партиясының мүшелері түрлі қитұрқылыққа барып әлек

Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында «Білім Бурабай» және «Бірлік Бурабай» БПҰ-да партияның 105 мүшесінің бір телефон нөмірі бар. Ал Қарағанды облысының Балқаш қаласында «Ардагер», «Гүлдер», «Балқаш станциясы» және «Шипагер» БПҰ-да бір телефон нөмірінің иелері 279 адам болды.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

«Nur Otan» партиясының орталық аппараты Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мүшелерді қабылдау кезінде тәртіп бұзушылықтар болғанын анықтады. Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nur Otan» орталық аппараты партияның жаңадан қабылданған мүшелері мен «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркеуден өткендерге талдау жүргізеді. Осылайша, кезекті тексеру барысында елордада «Азия Орталық Снаб» ЖШС бастауыш партия ұйымы қабылдаған 2466 жаңа партия мүшесінің есептік мәліметтері расталмады. 11 қыркүйектен 4 қазанға дейін партияға қабылдау тоқтатылғанына қарамастан, 12-17 қыркүйек аралығында азаматтар партия қатарына қабылданған. Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцевтің пікірінше, бұл – өрескел тәртіп бұзушылық.

Партияға кейбір «қажетті» кандидаттарға дауыс беруді ұйымдастыру үшін өздерінің бір сәттік мәселелерін шешетіндер, жай ғана қара көбейтетіндер қажет емес. Сондықтан дауыс беру кезінде бұрмалауды болдырмау үшін праймериз кезеңінде партияға қабылдау тоқтатылды. Осы фактілерді ескере отырып, партияның астаналық филиалы «Азия Орталық Снаб» ЖШС БПҰ-дағы барлық партия мүшелерінің деректерін салыстырып, тексеруі тиіс, – деп мәлімдеді Казанцев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, партиялық бақылау комитетінің тексерісі барысында партия мүшелерін бір телефон нөмірімен тіркеу деректері анықталды. Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында «Білім Бурабай» және «Бірлік Бурабай» БПҰ-да партияның 105 мүшесінің бір телефон нөмірі бар. Ал Қарағанды облысының Балқаш қаласында «Ардагер», «Гүлдер», «Балқаш станциясы» және «Шипагер» БПҰ-да бір телефон нөмірінің иелері 279 адам болды.

Отырыс қорытындысы бойынша, аймақтық және аумақтық партиялық бақылау комиссияларына барлық айқындалған фактіні анықтап, кінәлілерді жазалау тапсырылды. Еске сала кетейік, бұған дейін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде онлайн дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы растау (верификация) жүйесі (интернет-банкинг үлгісі бойынша жеке тұлғаны анықтау) қолданылатынын айтқан болатын, - делінген хабарламада.

Партияның баспасөз қызметі барлық тәртіп бұзушылық деректері бойынша 8 (800) 080 4441 «жедел желіге» (қоңырау шалу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына хабарласуға болатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары