$ 494.87  520.65  4.91

«35 түркімен әйелі отанына жасырын оралды»: ҰҚК портал ақпаратына қатысты түсініктеме берді

Наурыздан бастап түркімен тарапы коронавирусқа байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көліктерді өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқан. Ал Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылған жоқ.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркіменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, «Centralasia.media» порталында «Қазақстанда қалып қойған 35 түркімен әйелі отанына жасырын оралды» деген ақпарат жарияланды. Мақала авторы шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін жазған. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Ақтау қаласындағы Түркіменстан елшілігінің ресми өтінішіне сәйкес, 22 қыркүйекте «Темір баба» өткізу пунктінде сағат 10.05-тен 12.00-ге дейін Түркіменстанның 42 азаматы елден шығарылды. Олардың ішінде 12 ер адам, 28 әйел және 2 бала бар», - деп нақтылады комитет.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы наурыздан бастап түркімен тарапы коронавирусқа байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көліктерді өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқан. Ал Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары