$ 494.87  520.65  4.91

Белгілі заңгер шенеуніктерді Әзербайжан мен Армения арасындағы жер дауынан сабақ алуға шақырды

Жерге қатысты қандайда да бір шешім қабылдамас бұрын, көбірек ойлану керек!
Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

Белгілі заңгер әрі қоғамдық белсенді Айгүл Орынбек шенеуніктерді күтпеген жерден бұрқ ете қалған Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстан сабақ алуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, соғыстың бәрі жер үшін болады. Жерге қатысты қандайда да бір шешім қабылдамастан бұрын ойланып алу керек.

«Соғыстың бәрі ЖЕР үшін болады...
Әзербайжан мен Армения елдер арасындағы соғыс бізге сабақ болу керек!
Әсіресе мынау билік басында отырғандар қатты ойлану керек!
Жерге қатысты қандайда да бір шешім қабылдамас бұрын, көбірек ойлану керек!
Ешкім ата жерін оңайлықпен беріп қоймайды!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.  

Ол сонымен қатар, жердің қадірін білмей, басы артық тірліктің арты үлкен өкінішке алып келуі мүмкін екенін жазған. 

«Жер үшін бәріміз соғысамыз, елсіз жүргеннен құдай сақтасын!
Соғыс деген жақсы емес, өзге елдердегі саяси қақтығыстарды көріп делебесі қозып отырғандарды оқып шошып отырмын!
Шын соғыс болса, осы делебесі қозып, жазып отырғандарды таппай қаламыз. 

Бейбіт елде өмір сүріп, таңды жылы үйіңде атқызғанға не жетсін?!
Тыныштықтың қадірін білмей жүрміз ғой, соғыс көріп келгендер , соғыс жайлы сұрасаң жылайды.
Қазағымды бұндай сынақпен жылатпасын!», - деп жазған жазба авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары