$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан интернет еркіндігі төмен елдердің қатарына кірді» - Freedom House

Қазақстан интернет еркіндігі бойынша рейтингте Қырғызстан, Әзірбайжан, Беларусь елдерінен кейін тұр.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Халықаралық Freedom House ұйымы интернет еркіндігі бойынша зерттеуін жариялап, мемлекеттердің рейтингін түзді, деп хабарлайды azattyq-ruhy сайты. 

 Рейтинг басылым, трансляция және онлайн-БАҚ еркіндігінің дәрежесіне қарап жасалады.

Интернет еркіндігі бойынша рейтинг барлығы 65 мемлекеттің ішінде жүргізілген. Бұл ретте көш басында Исландия, сондай-ақ ТОП-5 елдің қатарына Эстония, Канада, Германия мен Аустралия кірген. Осыдан бір жыл бұрын 46-орында болған Қазақстан биыл тізімде 50-орынға жайғасқан. ТМД елдерінің ішінде Беларусь 48-орында, Әзірбайжан 45-орында, Қырғызстан 25-орында тұр.

Жалпы, рейтинг жасауда мына факторлар назарға алынған:

интернетке қолжетімділікке кедергі келтіру;
контент мазмұнына байланысты шектеулер (сайттарды бұғаттау, цензура);
пайдаланушының құқығын бұзу (желідегі әрекеттерді, құпиялылықты бақылау).
Рейтингте шартты түрде үш топ айқындалған: «еркін», «жартылай еркін» және «еркін емес». Қазақстан соның ішінде интернеті еркін емес топқа кірген.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары