$ 494.87  520.65  4.91

«Сау адамды ауру қылады»: Балғынбек Имаш маска тақ деп қақылдайтын билікке ренішін білдірді

Пневмония, туберкулез оттегі өкпеге дұрыс бармаған кезде пайда болады. Мұны неге ақ халатты абзал жандар айтпайды?
Фото: instagram.com/balgynbek_official
Фото: instagram.com/balgynbek_official

Бұған дейін «вирус жоқ, пандемия деген өтірік, жұртты дүрліктіріп босқа карантин жариялап жүрсіңдер!» деп билікті сынап келген айтыскер ақын Балғынбек Имаш жұртты маска тақпауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ақын өзінің бұл ойын өзінің instagram парақшасында жазған.

Оның айтуынша, маска вирустан сақтамайды. Керісінше, адамдар өзі шығарған көмірқышқыл газын қайта жұтып, өз-өзін ауру қылып жатыр.

«30 жыл бойы медицинасы мылқау, соты соқыр, үкіметі таскерең, бұл не деген мемлекет? Маска тақ деп қылқылдап таза ауамен демалуға мүмкіндік бермейді. Он минут маска таққан соң басың айналып, көзің қарауытып, өкпең өше бастайды. Неге? Өйткені, оттегі өкпеге аз барады. Керісінше, өзіміз шығарған көмірқышқыл газын қайта жұтып, өз-өзімізді ауру қылатын болдық. Маска вирустан сақтамайды. Маска сау адамды ауру қылады. Пневмония, туберкулез оттегі өкпеге дұрыс бармаған кезде пайда болады. Мұны неге ақ халатты абзал жандар айтпайды? Елімізде қанша медбике, қанша дәрігерлер, профессор, академиктер бар? Неге дабыл қақпайды?

Ұшақта қанша сағат ұшсаң да масканы шешпе деп, стюардессалар зар қақсайды. Бір жарым, екі сағат ұшақта маскамен отырған адамның денсаулығына міндетті түрде зарар келеді. Ең болмағанда 10-15 минут сайын масканы ауыстырып отырсақ бір сәрі, норма бойынша, солай болуы тиіс. Бірақ, оған халықтың шамасы жетпейді.

Біз жоғары билік басындағыларға жау болған соң айтып жатқан жоқпыз. Жанашырлықтан айтамыз. Өз халқыңды қор қылып, ауру қылып, құл қылып, надан қылып қалай бақытты боласыздар?»,- деп жазған өзінің instagram парақшасында.

Сонымен қатар ол қашықтан оқыту, жемқорлық, шектен шыққан айыппұл секілді дүниелердің де халыққа вирустан кем тимей отырғанын айтқан.

«Осындай мәселелер айтылмай жатқан жоқ, әлеуметтік желіде жазғанымызға ешкім артын сүртпейді, далаға сөйлеген сияқтымыз.

Халық ақыны Әселхан Қалыбекова «Кітапханалар жабылмасын» деп дабыл қағыпты. Ал қолдайық, әлеумет! Қашан да елдің жоғын жоқтаған @kalybekovaaselkhan апам сөз айтқанда жалғыз боп, үні шықпай қалмасын.

Көп болып қолдайық.

Кітап - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы!

Бұлардың мақсаты - бұлақтың көзін бітеп, шырақты сөндіру ме?

«Мектеп - кеме, білім - теңіз». Мектепті онлайн оқыту - кемені қирату немесе тесу. Ертең су кіреді. Кеме батады.

Оқи отырыңыз: «Басында саясат деп ойладым»: Балғынбек Имашев коронавирус жоқ деп қателескенін мойындады

...Банктік жүйе, айыппұлдар, салықтар, жемқорлық, сыбайластық, тіпті, халықты есеңгіретіп жіберді. Айыппұлдардың көлемі халықтың табысына сай емес. Ол тағы мемлекетке емес, жеке меншік иелеріне түседі дейді-мыс. Айта берсең айып көп. Праймериз деп есі дұрыс, сөз ұстар азаматтарымызды бәсекеге салып қойды. Оның бәрі бір партияның ішінде. Неге елімізде жаңа қозғалыстар, жаңа саяси күштер пайда болмайды? Неге ескі сүрлеу, ескі тәсілдер, алдамшы айлалар? Өзіміз де осыған лайық шығармыз... Алла халқыма сабыр берсін!», - деп атап өткен жазба авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары