04.10.2020, 11:46

Тоқаев ұстаздарды мерекесімен құттықтады

фото: akorda.kz
Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді.

Қазақстан Президенті Қасым-жомарт Тоқаев ел мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді", - деп жазған ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.