Саясат 09.10.2020 сағат 17:00

Орталық Азия елдерінің басшылары Қырғызстандағы жағдайға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

Презденттер Қырғыз халқын бірлікке шақырды.
Орталық Азия елдерінің басшылары Қырғызстандағы жағдайға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан республикаларының президенттері Қырғыз Республикасындағы оқиға туралы бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

«Бауырлас Қырғыз Республикасында болып жатқан оқиғалар бізді қатты алаңдатып отыр. Біз ғасырлар бойы ажырамас достық, тату көршілік байланыстары мығым, мәдени және рухани құндылықтары ортақ жақын көрші елдер ретінде Қырғызстан халқын осы қиын күндерде парасаттылық танытуға, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта қалпына келтіруге шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің басшылары Қырғызстанның барлық саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін қажетті күш-жігерін біріктіріп, туындаған мәселелерді конституция мен ұлттық заңнаманы сақтай отырып шешеді деп үміттенетінін айтқан.

«Қырғызстандағы тыныштық – өңірлік қауіпсіздік пен Орталық Азиядағы орнықты дамудың маңызды факторы. Елдеріміздің өткен жолы бір және болашағы да ортақ. Орталық Азия халықтарын келешек ұрпақтың игілігі жолындағы берік бейбітшілікке, келісім мен жасампаздыққа ұмтылысы біріктіреді. Мемлекеттеріміз ортақ мақсатқа біріге отырып, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды, шекаралық және өңіраралық іс-қимылдарды күшейту жөніндегі аймақтық ынтымақтастықты белсенді нығайтуда», - дейді ел президенттері бірлескен мәлімдемесінде.

Олар Орталық Азиядағы ынтымақтастықты одан ары жандандыру мақсатында Қырғызстан халқының бірлікке, бейбітшілікке, дербес дамуға және өркендеуге деген ұмтылысын үнемі қолдайтынын айтқан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар