$ 494.87  520.65  4.91

«Әлемдік ахуалға Ресейдің көзімен қарау қауіпті» - журналист

Қазақстандағы орыстілді аудитория Таулы Қарабақтағы жанжал, Қырғызстандағы сарай төңкерісі және Беларусьтегі бүлікке Киселевтің көзімен қарап отыр.
Фото: vlada.io
Фото: vlada.io

Журналист Думан Бықай өзінің әлеуметтік парақшасы арқылы Ақпарат министрлігіне тың ұсыныс тастаған. Ол өз жазбасында Қазақстандағы орыстілді сайттарға пропагандалық сипаттағы ресейлік контентті көшіріп басуды тоқтау салу қажеттілігін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналистің айтуынша, еліміздегі орыстілді аудитория Таулы Қарабақтағы жанжал, Қырғызстандағы сарай төңкерісі, Беларусьтегі бүлікке Киселевтің көзімен қарап отыр. Бұл өте үлкен қауіп. 

«Ақпарат министрлігіне бір ұсыныс! 
Қазақстандағы орыстілді сайттарға РИА Новостидің контентін көшіріп басуға тыйым салу керек. 

Осы агенттік бар, елде еш кедергісіз таралатын Sputnik Қазақстан және бар суреттегі пропагандиске (Киселев –СН.КЗ) тиесілі. 

Қазақстандағы орыстілді аудитория Таулы Қарабақтағы жанжал, Қырғызстандағы сарай төңкерісі, Беларусьтегі бүлікке Киселевтің көзімен қарап отыр», деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Автордың айтуынша, қазақ журналистикасының орыс тілді медиа саладан еш кемдігі жоқ. Тек, қазақ БАҚ саласына қолдау жасалмай отыр. 

«Орыстілді журналистер ақпарат жариялаудағы жеделдігі, шапшаңдағы жағынан қазақтілді әріптестерінен асып бара жатқан дәнеңесі жоқ. 

РИА-да жарық көрген дайын контентті көшіріп басу аса бір ауыр шаруа емес. 
Кеше Тимур Бектұрдің пікірін көзім шалып қалды. Миллионер Арманжан Байтасовқа тиесілі Business.fm таулы Қарабаққа қатысты ақпаратты РИА Новостиден басы бүтін көшіріп, бұрқыратып жатыр екен! 

Ал енді ұсынысқа келейік. 

Бізге Беларустьтегі, Әзірбайжандағы жағдайды көзбен көру маңызды. Министрлік осы бір сапарға ұйытқы болып, қазақ журналистеріне қол ұшын созса құба-қүп болар еді.

Бір апталық сапардың өзінен әжептәуір материал жинап қайтамыз. 
Қазақ аудиториясына аударма емес, дұрыс дүние ұсынайық. 

Ондағы ахуалға Ресейдің көзімен қарау қауіпті», - деп атап өткен жазба авторы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары